«Бізге қарсы соғысқа дайындалды»: Пашинян ҰҚШҰ-ға мүше екі мемлекетті айыптады

Айнель Аянова

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше екі мемлекеттің өздеріне қарсы соғысқа дайындалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Осылай деп екі мемлекетті айыптаған Пашинян, нақты елдерді меңзегенін ашып айтпады. 

"2020 жылғы 44 күндік соғысқа дайындыққа біздің одақтастарымыз қатысқан жоқ. Мен бізге қарсы соғыс дайындауға қатысқан ҰҚШҰ-ның кем дегенде екі елін білемін", - деді Пашинян Парламенттегі Үкімет сағатында. 

Саясаткердің айтуынша, бұл екі ел Арменияның көмек көрсеткен сыңай ғана танытқан. Пашинянның сөзінше Ереванды тәуелсіздігінен айыруға талпынған мұндай әрекеттер 2020 жылдан кейін де болған.  

Армения Премьер-министрі Әзірбайжанмен шекараны делимитациялау мұндай қауіптің бетін қайтарғанын атап өтті.  

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрамына: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. 

Соңғы уақытта Ереван Ереван бұл ұйымды сынға алып, жиындарға қатысуды қысқартты. Қараша айында Пашинян Минскідегі бірлестік саммитіне қатысудан бас тартты. Ал ақпан айының ортасында саясаткер елдің ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтата тұру туралы хабарлады. 

Наурызда Пашинян ҰҚШҰ Ереван көтерген шекара егемендігіне байланысты сұраққа жауап бермесе ұйымнан шығатынын мәлімдеді.  

Мамыр айының басында республика ұйымның қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартатынын хабарлады. 

Армения ҰҚШҰ-да

Армения 2023 жылы ҰҚШҰ-ның бірнеше іс-шарасына, соның ішінде екі оқу-жаттығуға және қарашада Минскіде өткен ұйым саммитіне қатысқан жоқ.

2024 жылдың ақпанында Армения билігі республиканың ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатқанын хабарлады.

Ел премьер-министрі Никол Пашинянның айтуынша, егер мәселелер шешілмесе, Армения билігі мұны де-юре жасайды.

Өткен аптада ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов «Армения элитасының кейбір оқиғалары мен көңіл-күйлері алаңдаушылық туғызады» деп мәлімдеді.

ҰҚШҰ

2002 жылы құрылған ұйымға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Биыл Қазақстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етуші ел болды. 10 қаңтарда ұйымның тұрақты кеңесін Марат Сыздықов басқарды. Ұйым 2024 жылға дейін ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жеті бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізуді жоспарлаған.

Бұған дейін Тасмағамбетов «ҰҚШҰ-ның ұжымдық бітімгершілік әлеуеті өзінің тиімділігін 2022 жылдың қаңтарында Қазақстандағы дағдарысты жағдайды жеңілдету кезінде көрсетті» деп мәлімдеген болатын.