Қай өңірдің ер азаматтары көп табыс табады?

Ulysmedia

FinProm.kz мәліметінше ерлер мен әйелдерінің табысының арасындағы 26 пайыздан асқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Астана  

Қазақстанның бас қаласында ер азаматтар әйелдермен салыстырғанда 26,4% - ға көбірек табыс табады.  

Табыс арасындағы ең үлкен алшақтық Атырау және Маңғыстау облыстарына тиесілі. Бұл өңірлерде ерлердің басымдығы 70%-ға жеткен.   

Жалпы Қазақстан бойынша орташа есеппен ерлер мен әйелдердің орташа айлық номиналды жалақысы арасындағы айырмашылық ерлердің пайдасына 26,5% -. құрады. 

Бір жыл бұрын Қазақстандағы жалақы алшақтығындағы айырмашылық 20,4-тен әлдеқайда төмен болғанын айта кетейік.  

Бұған дейін

Қазақстандағы сұранысқа ие мамандықтардың тізімін жариялаған едік. 

Түйіндемелер көбейген

2024 жылғы сәуірде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында  90,3 мың бос жұмыс орны және 108,9 мың түйіндеме орналастырылды.Ө ткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 20%-ға, түйіндемелер саны 35%-ға көп.  

Сұраныстың жартысы орта білікті қызметкерлерге. Бұл санатқа әрбір екінші бос орын  тиесілі.  

Мына салаларға бос жұмыс орындары анағұрлым көбірек болған екен: 

  • білім беру 17,9 мың орын 
  • денсаулық сақтау 10 мың орын 
  • құрылыс 8,2 мың орын 
  • басқа да қызмет түрлері 11 мың орын 

Ең сұранысқа ие қызметтер тізімі мынадай:  

  • автомобиль жүргізушісі 2 мың бос орын,  
  • тәрбиеші (1,6 мың)  
  • күзетші (1,6 мың)