Батыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

Ulysmedia

Батыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ҰҚК

ҰҚК баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.

Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінді. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

ҰҚК Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.