Батыр Жүкембаев 19 нокауты бар украиналық боксшыны жеңді

Ulysmedia

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) шаршы алаңдағы жиырма үшінші жеңісіне жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: ProBox TV

Батыр Жүкембаев (22-1, 16 КО) 19 нокауты бар украиналық Иван Редкачқа қарсы жекпе-жек өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті. Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын алғашқы раундтан бастап, қарсыласына шабуыл жасап, қарқынын үдетті. Нәтижесінде ауыр соққылар өткізген Редкачқа төреші жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермей, уақытынан бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасқан Жүкембаев өзіне тиеслі WBA Continental North Americas белбеуін сақтап қалды.

Бұл – Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой мансабындағы жиырма үшінші жеңіс және WBA Continental North Americas белбеуін екінші рет сәтті қорғады.