Бетперде киген жігіт тағы да тәнті етті

Ulysmedia

Желіде бетпеде киген жігіт есімімен танымал белгісіз азамат кезекті рет қалың көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Ол мүгедек екі баланың әкесіне пәтер мен көлік сыйлады.

Видеодағы  ер адам әйелі де мүгедек екенін айтады. Бос уақытында ол такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, отбасын асырауға тырысады екен.

Ал әкенің арманы екі қызының сапалы білім алғаны.

Ер адамның тағдыры әсер еткен “бетперде киген жігіт” оны шын мәнінде қуантуды шешіпті. Ол екі баланың әкесіне емделу үшін қолма-қол ақша беріп, сонымен қатар оған жаңа пәтер мен көліктің кілттерін сыйлады.

Бұған дейін

Бетперде киген жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен еді.

Бетперде киген жігіт желідегі үндеуінде ел ең ауқымды көктемгі су тасқынына тап болып, 10 өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, дәл қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланғанын айтады. 5000-нан астам үй судың астында қалып, 8000-нан үй жануары қырылғанын атап өтеді.

– Қазіргі таңда су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге.  Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз, - дейді бетперде киген жігіт.

Белгісіз жанның жақсылығы

Қара бетперде таққан жұмбақ жігіт біраз уақыттан бері жарлы адамдарға көмек көрсетіп келеді. Ол бірде алты баласы бар жалғызбасты әйелге баспананың кілтін сыйлаған. Тағы бірде жұмбақ жігіт жертөледе тұрып жатқан анаға баспана алып берді.