Қазақстан елшілігі Лондонға 4,65 млн фунт қарыз болып шықты

Ulysmedia

TFL хабарлағандай, Лондон әкімдігінің бақылауындағы  Transport for London (TFL) компаниясы соңғы 20 жыл ішінде ақылы жол жүру аймағына кіру ақысын төлемеген борышкер елшіліктердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Кептелістерді азайту,  ауа сапасын жақсарту мақсатында Лондонның орталық бөлігіне кіретін көліктерден 15 фунт төлем алынады. 2003 жылы енгізілген, ол алдымен күніне 5 фунт болды, бірақ біртіндеп өсті: 2005 жылы 8 фунтқа дейін, 2011 жылы 10 фунтқа дейін, 2014 жылы 11,5 фунтқа дейін және 2020 жылы 15 фунтқа дейін жетті.  

145,5 миллион фунт. Бұл 2003-2023 жылдар аралығында Ұлыбританиядағы барлық елшіліктердің қарызы. Иә, дипломаттар Лондонның ақылы жол жүру аймағына кіру үшін тиесілі ақыны төлемеген. Борышкерлер тізімінің басында 14,6 миллион фунт қарызы бар АҚШ, одан кейін Жапония (10 миллион фунт), Үндістан (8,5 миллион фунт), Нигерия (8,4 миллион фунт), Қытай (7,9 миллион фунт), Ресей (6 миллион фунт), Польша (5,2 миллион фунт) және Гана (5 миллион фунт). Қазақстан 4,65 млн фунт (шамамен 5, 5,9 млн) берешек сомасымен 9-орында тұр. 

Daily Mail хабарлағандай, Лондондағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі бұған жауап берген. 

"1961 жылғы Вена дипломатиялық қатынастар конвенциясында көрсетілген халықаралық құқыққа сәйкес, ақылы жол жүру аймағына кіру ақысы дипломатиялық миссиялар босатылған салық,”- деп жауап берген Лондондағы АҚШ елшілігі.   

Алайда лондондық жауапты компания ақылы жол жүру аймағына кіру ақысы салық емес, қызмет ақысы екенін және дипломаттар оны төлеуден босатылмайтынын айтты. TFL мәлімдемесінде Лондондағы елшіліктердің көпшілігі ақы төлейтіні, бірақ одан бас тартқан азшылық қалғаны баса айтылға