94 жастағы зейнеткер әйелін ұрып, артынша үйін жарып жіберген

Ulysmedia

Солтүстік Қазақстанда өз үйін газ баллонымен жарып жіберген 94 жастағы зейнеткер ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған.  

94 жастағы зейнеткер өз үйіне қамалып, өзіне-өзі қол жұмсайтынын айтқан. Полиция департаментінің мәліметінше тұрғын тәртіп сақшыларының көндіргеніне қарамастан сіріңкені тұтатып жіберген.    

Қарт адамдымұндай қадамға итермелеген нәрсені полиция анықтап жатыр. Көршілері мұндай әрекеттерді бұрын да байқағандарын айтады. Сол күні 94 жастағы зейнеткер әйелін ұрған. Ол үйден шығып, көршілеріне не болғанын айтып берген. 

"94 жастағы науқас шұғыл түрде көптеген дене күйіктерімен көпсалалы қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Зақымданудың жалпы ауданы 60% құрады. Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалады,” - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Зейнеткер жансақтау бөліміне түскен. Бірақ дәрігерлердің араша түсуге тырысқанына қарамастан аурухана төсегінде көз жұмған.  

Осы факті бойынша тәртіп сақшылары "суицидке жеткізу"бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.