Бокстан Қазақстан құрамасын жанкүйерлер қошеметпен күтіп алды

Ulysmedia

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында бокстан Қазақстан құрамасын жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
 

Фото: ҚР ҰОК

Отандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен әлем чемпионатынан екі алтын, екі күміс және бір қола жүлде олжалады.

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов бастап барған құрама әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы медаль кестесінде екінші орынға жайғасты.

Өз кезегінде бас бапкер құраманың нәтижесіне көңілі толатынын айтса, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар жанкүйерлер қолдауын ерекше  сезінгенін жеткізді.

Осы орайда айта кетсек, алтын алған Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов, күміс еншілеген Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов және қола ұтқан команда капитаны Абылайхан Жүсіпов AIBA және отандық бокс федерациясы тарапынан қомақты сыйақы иеленеді.