«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не үшін
Алайда Талдықорған футбол командасы басшысының не үшін ұсталғаны туралы айтылмады.
Сот не дейді
Сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, — деп түсініктеме берді Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін бірқатар БАҚ «Жетісу» футбол клубының директоры мен осы аттас әуе компаниясының басшысы Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат таратқан болатын.