Саакашвили Тбилисидегі ауруханаға жатқызылды

Ulysmedia

Аштық жариялаған Саакашвили тікұшақпен Тбилисидегі айыпталушы мен сотталғандар жататын №18 медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Facebook желісінде жарияланған Пенитенциярлық қызметтің хабарлауынша, Саакашвилиді ауруханаға жатқызу туралы шешім оның денсаулығының нашарлауына жол бермеу үшін қабылданған.

«Михаил Саакашвилидің денсаулығына қауіп төнуіне байланысты 12-ші түзеу мекемесінен айыпталушылар мен сотталғандар жататын №18 емдеу мекемесіне ауыстырылды. Біз халыққа кезең-кезеңімен қосымша ақпарат беріп отыратын боламыз», - деп хабарлады Пенитенциярлық қызмет.

Бұған дейін Грузияда елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. 

Кейін Грузия билігі саясаткердің денсаулық жағдайы туралы хабарлады.