Tele2 мен Altel Қатарға сатылады: Директорлар кеңесі мақұлдады

Сырым Қаржас

"Қазақтелекомның" топ-менеджерлері катарлық компанияға Tele2 және Altel сатуды мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Коллаж Ulysmedia

"Қазақтелеком" директорлар кеңесі өзінің құрамындағы "Мобайл Телеком-Сервис" компаниясын қатарлық Power International Holding холдингіне сатуды мақұлдады. KASE сайтындағы хабарламадағы ақпаратқа сәйкес Tele2 және Altel мобильді операторлары тиесілі" Мобайл Телеком-Сервис" компаниясы Pih Interconnect Ltd компаниясымен ірі мәміле шеңберінде жүз пайыз үлесімен сатылатын болады.  

Естеріңізге сала кетейік, Tele2 және Altel-ді сату талабын "Қазақтелекомға" Үкімет елімізде операторлар арасында бәсекелестік пайда болуы үшін ұсынған болатын. 

Еске салайық

2023 жылдың желтоқсан айының соңында монополияға қарсы шенеуніктердің Kcell, Tele2, Altel және Beeline компанияларына қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.

Кейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Марат Омаров ұялы байланыс операторларына қатысты басталған тексеруге қатысты сауалға жауап берді.

Өткен жылдың соңына қарай бізде көптеген шағым болды және біз нарықтың көп бөлігінде, әсіресе, мобильді интернетте белгілі бір операторлар тарапынан бағаның күрт өскенін көрдік. Мобильді интернеттің тарифтерін бүгінде ешкім реттемейді. Бүгінде біз тарифтердің көтеріліп жатқанын көріп отырмыз, біз үш операторға да – Kcell, Tele2/Altel, Beeline-ға да чек аштық. Тексеру аяқталып, қорытындысы шығарылып, белгілі бір сот процестері басталды, - деді Омаров.

AZRK мәліметтері бойынша, тек 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары ресми сайттарында ақпаратты жариялай отырып, ай сайынғы абоненттік төлемі бар 30-дан астам тарифтік жоспарлар бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын дәйекті түрде арттырған.