ШҚО Маралды ауылының тұрғындары фабрикаға жұмысқа орналасып жатыр – әкімдік

Ulysmedia

Күршім ауданының Маралды ауылында салынып жатқан алтын өндіру фабрикасында қазір жергілікті тұрғындар да жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорын толық іске қосылғанда 300-ге жуық ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан кадр

Әкім не дейді

Бүгінгі таңда «Маралды GOLD» және «ВСАМ ПРОДАКШН» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде барлығы 21 тұрғын жұмыс істейді, соның алтауы Маралды ауылының адамдары, – дейді Маралды ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сейілханов.

Ауылда 476 адам тұрады

Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ақпаратына сүйенсек, ауылдағы халықтың саны бар болғаны – 476 адам. Оның 92-сі зейнеткер. Сондай-ақ 21 көпбалалы отбасы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы бар.