Венгрияда ЕО сайлауымен қатар мыңдаған адам митингке шықты

Ulysmedia

8 маусымда Венгрия астанасында Еуропарламент пен жергілікті билік органдарына сайлау аясында ірі оппозициялық митинг өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Bloomberg

Митингті жас оппозициялық саясаткер Питер Мадьяр ұйымдастырып, Будапештте мыңдаған жақтастарын жинады.

Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде ол қазіргі үкіметті сыбайлас жемқорлыққа айыптап, "Венгрияны бірге құтқаруға” шақырды.

- Біз осындамыз және тағдырымызды өзгертуге дайынбыз. Ұры, репрессиялық билік бізге жүктегісі келетін тағдыр. Венгрияны бірте-бірте, кірпіштеп қайтарайық - деді ол.

Демонстрация еуропалық парламентке сайлау қарсаңында өтті. Ассошиэйтед Пресс бұл митинг Мадьяр Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанға соққы беріп, келесі ұлттық сайлауда жеңіске жеткізуі мүмкін деп жазады.

Айта кетейік, 9 маусымда Венгрияда Еуропалық парламент пен жергілікті билік органдарына сайлауда дауыс беру өтіп жатыр.

ЕО-дағы сайлау

Естеріңізге сала кетейік, 6-9 маусым аралығында Еуропалық Одақта Еуропарламентке сайлау өтіп жатыр. ЕО елдерінің 350 млн азаматы өз таңдауын жасай алады.

Сайлау 27 елде өтеді. Сайлау учаскелері ашылған алғашқы ел Нидерланды болды. 7 маусымда Ирландия мен Мальта, 8 маусымда Латвия мен Словакия дауыс берді. ЕО-ның көптеген елінде дауыс беру 9 маусымда басталды.