Шавкат Рахманов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады

Сырым Қаржас

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) австралиялық файтер Джек Делл Маддаленаның (17-2) жарақаты туралы жаңалықтан кейін келесі жекпе-жекті кіммен өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

– ДДМ (Маддалена) жарақат алды, ал Усман мен Колби менімен шыққысы келмейді. Мен Леонның Белалға қарсы жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайынмын, - деп жазды Рахмонов Twitter-де.

Еске салайық, ағылшын Леон Эдвардс (22-3) UFC жартылай орта салмақтағы чемпионы. Оның америкалық Белал Мұхаммедпен (23-3) жекпе — жегінде Parimatch букмекерлік кеңсесі келесі коэффициенттерді ұсынады: Эдвардстың жеңісі — 1.46, Мұхаммедтің жеңісі-2.60. Олар 28 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін UFC 304 нөмірлі турнирінің басты файтерлері болады.