Көлігін түртіп кеткені үшін өлтірген: Атырауда күдікті қолға түсті

Ғалиасқар Думан

Оқиға Атыраудағы базарлардың бірінде болған. Сақалды еркек көлігін сызып кеткен ер кісіні ұрып өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеодан сақалды еркектің өзінен бірнеше жас ер кісі ұрып жатырғанын көруге болады. 

Бұл төбелеске жәбірленуші ер адамның көлігімен сақалды еркектің көлігіне тиіп кетуі себеп болыпты. Желі қолданушысының айтуынша теріс ағымдағы еркек көліктен секіріп түсіп егде жастағы азаматты бас-көзге қарамай ұра бастаған. 

“Ішіндегі намаз оқитын (теріс ағымдағы иттер) машинадан секіріп түсіп сабап тастаған. Басын столбаға соғып, басының қақпағын ашып жіберген. Сол ағамызға бүгін уақыт болыпты,”- деп жазды желі қолданушысы.  

Аяушылық танытпаған ол жерде сұлап жатқан кісіні сүйреп тастап жайына кеткен. 

“Намаз оқитын адам сабырлы болмаушы ма еді? Құмырсқаны да өлтіруге болмайды дейтіні қайда? Жаман машинаға тиіп кеткені үшін соншама өлімші етіп сабау құдайға жақын адамның ісі ме?,”- дейді ашынған желі қолданушысы.  

Атырау облысы полиция департаменті күдіктінің қамауға алынған хабарлады.  

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,”- деп хабарлады баспасөз қызметі.  

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайтынын айтты.