Қазақстанда кәсіби мерекелердің тізімі жаңартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығына сәйкес тізімге мыналар қосылған мерекелер:
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
ТКШ саласы қызметкерлерінің күні – 16 сәуір;
Метрология қызметкерлері күні – 20 мамыр;
Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
Аңшылық жұмысшылар күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
Жоғары білім қызметкерлері күні – 1 қазан;
Стандарттау қызметкерлері күні – 14 қазан;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.