Өзбекстанда никаб киген ер адам қамауға алынды

Қалижан Бектемір

Өзбекстанда никаб киген азамат 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: B.Roessler

Бұл туралы РИА Новости порталы жазды.

Ташкент қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше бұған дейін полиция қызметкерлері Букин ауданының 21 жастағы тұрғынын ұстаған. Ол базарлардың бірінде әйелдер киімі – никабпен жүрген. Ұсталған кезде ол құқық қорғау органдарына қарсылық көрсетуге тырысқан.

Сот отырысы кезінде ер адам бала кезінен әйелдер киіміне қызығушылық танытып, никаб киіп жүргенін айтты.

Сот ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық үшін кінәлі деп тауып, 15 тәулікке қамауға алу және 10 базалық есептік шама (шамамен 130 мың теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындады, – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: «Құранда жеті рет кездеседі. Бірақ...»: Дінтанушы хиджаб пен никаб туралы айтты

Никаб пен паранджа секілді бет-жүзін жауып жүретін әйелдер киіміне исламды ұстанатын бірқатар елде заңды түрде тыйым салынған. Атап айтқанда, мұндай шектеулер Өзбекстанда, Тәжікстанда, Индонезияда, Египетте және Тунисте бар.

Еске салсақ, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін туралы жаңа заңда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралатынын айтқан болатын.

Ресейде қоғамдық орындарда бетін жауып жүруге тыйым салатын заң жобасы әзірленіп жатыр.

Ал Тәжікстан хиджаб киюге тыйым салды.