Қазақстанның 10 өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін

Ғалиасқар Думан

Шілдеде Қазақстанның он өңірінде қуаңшылық болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Бұл туралы ОКҚ брифингінде "Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саиров айтты.

Шілдеде, мына өңірлерде қуаңшылық болуы мүмкін.

  • Қостанай облысында-Амангелді және Жангелді аудандарында;
  • Ақтөбе облысында-Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында;
  • Қарағанды облысында – Шет ауданында;
  • Ұлытау облысында - Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында;
  • Алматы облысында - Балқаш және Жамбыл аудандарында;
  • Жамбыл облысында-Мойынқұм, Жуалы және Рысқұлов аудандарында;
  • Түркістан облысында-Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандарында;
  • Қызылорда облысында-Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында;
  • Маңғыстау облысында – Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
  • Атырау облысының басым бөлігінде.

Шілдеде орташа ылғалдылық Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногрос қаласында күтіледі.

Қалған өңірлерде жағдай қалыпты болады деген болжам бар.