Алматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмды

Ғалиасқар Думан

Ведомство өкілдерінің айтуынша, өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

e.myrzakhanov

Жол-көлік оқиғасы Алматы қаласының Алмалы ауданында 14 сағат 20 минутта болған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, KIA маркалы автомашинаның жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, "City-Bus" ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін № 18 бағыттағы автобуспен соқтығысуға жол беріп, кейіннен кедергіге соғылған, – делінген Алматы полициясының хабарламасында.

Апат салдарынан автобустың 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, тағы бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты.