Telegram иесі Дуров Қазақстанда не істеп жүр – министр жауап берді

Аян Өрібай

Цифрлық даму министрі Жасұлан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға сапарының мақсаты жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәдиев не дейді

Жаслан Мәдиев Павел Дуровтың Қазақстанда жүргенін растады.

– Ол Қазақстанды көргісі келеді. Мүмкін, басқа қалаларға [Астанадан басқа] балады. Қазір жоспарды пысықтап жатырмыз. Қатты қызығып отыр. Болашақта кейбір әлеуетті жобаларды бірге жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Әзірге жобалар байланытсы ештеңе айта алмаймыз. Бірақ біз оған Қазақстан қатты ұнауы үшін, технологиялық бірлескен жобалар бойынша үлкен перспективаны көру үшін бәрін жасаймыз. Біз жұмыс істейміз, - деді ҚР СІМ басшысы.

Мәдиевтің айтуынша, Қазақстанда 10 млн аадм Telegram-ды пайдаланады.

Қазақстанға шақырылған

Бұған дейін Павел Дуров Франция азаматтығын алғанын жариялап, жаз бойы Орталық Азияға баратынын айтқан еді. ВКонтакте және Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуровтың Қазақстанға келді.

Бұған дейін Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Павел Дуровты Қазақстанға шақырған болатын. 

Бірнеше апта бұрын қырғыз бұқаралық ақпарат құралдары Павел Дуровтың Ыстықкөлге барғанын хабарлаған.

"Дуровтар "Қырғыз Куршевель" мемлекеттік кәсіпорны аясында "үш шың" жобасы үшін инвестор ретінде тартқысы келеді. Сонымен қатар, Дуровтың танымал есімі бар. Бұл одан да көп әлеуетті инвесторларды тартуға және жарнамалауға мүмкіндік береді",— деп жазады Kaktus media.

2018 жылы Қазақстан Журналистер одағы Павел Дуровқа цензураға және азаматтардың интернеттегі еркін хат алмасуына мемлекеттің араласуына қарсы ұстанымы үшін марапат табыс еткен еді.