Ресейлік бизнесмен Италиядағы курортты қазақстандық олигархқа тапсырды

Сырым Қаржас

Ресейлік олигарх Мұса Бажаев Еуропадағы курортын өзінің Қазақстандағы бизнес-серіктесі Шухрат Ибрагимовқа тапсырды. Ізінше Қырғызстандағы алтын кенішінің бүкіл акциясын өзіне алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ресейлік олигарх Мұса Бажаев өзіне санкция салынғаннан кейін ЕО-дағы курорттан құтылып, оның орнына Қырғызстандағы алтын кенішінің акцияларын толық бақылауға алды, деп жазады Financial Times.

Толығырақ

2014 жылы Бажаев жиенімен бірге Италиядағы Forte Village курортын 180 миллион еуроға сатып алған. Украинада соғыс басталғаннан кейін мүлік Бажаевтың туысына өткен. Бір жылға жуық уақыттан кейін оны қазақстандық кәсіпкер Шухрат Ибрагимов алды. 

– Ибрагимов – Бажаевтың іскер серіктесі. Олар Қырғызстанның екінші ірі алтын кеніші Джеруйге бірге инвестиция салған. Акциялардың 60%- Бажаев пен оның жиені Дениске, ал 40% Ибрагимов отбасына тиесілі, - делінген басылымда.

Сонымен қатар, Ибрагимов курортты алғанға дейін екі ай бұрын шахтаның 40 пайызын Бажаевқа тиесілі ресейлік компанияға өткізген. Мұса Бажаев кеніштің барлық акцияларын бақылауға алды.

Бажаев жайлы

Мұса Бажаев - "Альянс групп"компаниясының президенті. Жиені Дениспен бірге олар Forbes рейтингінің 156 және 157-ші орнын алады. Мұсаның байлығы 750 миллион долларға бағаланады. Қазір Бажаевтар Хабаровск және Красноярск өлкесінде "Русская платина" компаниясы арқылы платина кен орындарына ие.  Бажаев 2022 жылдың сәуірінде ЕО санкцияларына ұшырады. 

Шухрат Ибрагимов

Шухрат Ибрагимов - марқұм Алижан Ибрагимовтың ұлы. ERG тобында Ибрагимовтар отбасының өкілі әрі директорлар кеңесінде қызмет етеді. "Еуразия" сақтандыру компаниясы " АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, "Еуразиялық қаржы компаниясы" АҚ және "Еуразиялық Банк" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, Eurasian Resources Group байқау кеңесінің мүшесі.