Ақтөбелік нейрохирургтар отаның сирек түрін жасауды үйренді

Сырым Қаржас

Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасының базасында нейрохирургтар эпилепсиямен ауыратын балаларда ұстамалардың жиілігін 60%-ға төмендететін бірегей операциялар жүргізуді үйренді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

Сәтті ота

Жергілікті нейрохирургтер үшін шеблік-класты Азамат Жайлғанов өткізді, ол 2021 жылдан бастап Алматы қаласының №2 қалалық ауруханасының базасында VNS-терапия бойынша 70-ке жуық табысты ота жүргізді.

Шеберлік-класы қатысушыларының ота жасау төсегінде фармакорезистентті эпилепсиямен ауыратын кішкентай пациент болды. Бұл дәрі-дәрмектер мен емдеудің өзге түрлеріне оңайлықпен көне қоймайтын сырқаттың бір түрі.

Ота жасайтын мамандар пациенттің бассүйек нервіне арнайы стимулятор орнатты. Ол аппарат баланың терісінің астында 4-10 жылға қалдырылады.

“Құны қымбат тек бір сағатқа ғана созылды. Оның тиімділігі ұстамалар жиілігінің 60% төмендеуіне мүмкіндік береді. Бұл балалар үшін өте маңызды, дейді сарапшылар командасы құрамында болған эпилептолог Яна Акчурина.

Өйткені, дәрі-дәрмектермен тиісті бақылаусыз эпилепсия психикалық және физикалық дамудың бұзылуына әкеледі.

Емдеудің тиімді түрі

Емдеудің бұл түрін енгізу ұстамаларды дәрі-дәрмектермен бақылау мүмкін болмаған жағдайда біздің елдегі эпилепсиямен ауыратын балалардағы ұстамаларды бақылауға көмектеседі.

Шеберлік-класс қорытындысы бойынша Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы стационар базасында әдістемені енгізу үшін балалар нейрохирургтарының опербригадасын құруды жоспарлап отыр.