«ҚазТрансОйлдың» еншілес компаниясы халық үшін судың тарифін 66% өсіріп жіберді

Сырым Қаржас

1 шілдеден бастап "ҚазТрансОйл" АҚ еншілес компаниясының су беру тарифтері өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

iStock

– Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бұйрығына сәйкес "Магистральды су құбыры" ЖШС (100% үлесі "ҚазТрансОйлға" тиесілі) тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, магистральды құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке жаңа тарифтер енгізеді, - делінген хабарламада.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар

  • 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2025 жылдың 30 маусымына дейін өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да коммерциялық ұйымдар үшін тариф 1 400 теңге/м3 құрайды, яғни ол 104,8 пайызға ұлғайды; 
  • 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейін 3,6 пайызға ұлғайып, 1 450 теңге/м3 құрайды; 
  • 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап 2027 жылдың 30 маусымына дейін 3,4 пайызға ұлғайып, 1 500 теңге/м3 құрайды; 
  • 2027 жылдың 1 шілдеден бастап 2028 жылдың 30 маусымға дейін 3,3 пайызға ұлғайып, 1 550 теңге/м3 құрайды; 
  • 2028 жылдың 1 шілдесінен бастап 2029 жылдың 30 маусымға дейін 1 600 теңге/м3, 3,2% пайызға ұлғаяды. 

Мұнай-газ

  • 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейін мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар үшін тариф 2472,99 теңге / м3 құрайды, 21% ұлғайды; 
  • 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап 2026 жылдың 30 маусымына дейін 2 922,90 теңге/м3, 18,2 пайызға ұлғаяды; 
  • 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап 2027 жылдың 30 маусымына дейін 3 130,33 теңге/м3, 7,1 пайызға ұлғаяды; 
  • 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап 2028 жылғы 30 маусымға дейін 32 пайызға ұлғайып, 4 132,03 теңге/м3% құрайды; 
  • 2028 жылдың 1 шілдесінен бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейін-3 521,41 теңге/м, 14,8%-ға. 

Халық және ауыл шаруашылығы

2024 жылдың 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейін халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындарға арналған тариф 66,3% - ға ұлғайып, 30 теңге/м3 құрайды. 

2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2029 жылғы 30 маусымға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тариф 53,9% - ға ұлғайып, 100 теңге/м3 құрайды.  

Бұған дейін Қазақстанда тарифтерді қалыптастыру ережелері өзгергені хабарланған болатын.