Қазақстанда жаңа орталық құрылады: оны Роман Скляр басқарады

Сырым Қаржас

Қазақстанда Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық құрылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Tengrinews

Өкім

Премьер-министр Олжас Бектеновтың өкімімен Ұлттық орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметі аппаратының Индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің құрылымы базасында жүзеге асырады.

Орталық немен айналысады

Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық туралы ереже Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталықтың міндеттерін, функционалдық қызметін және ұйымдық құрылымын айқындайды. ИҚҰО инвестициялық қызметтің ұйымдық құрылымын жақсарту мақсатында құрылады. Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының президенті мен үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

– Үкімет аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімі меңгерушісінің Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес хатшылығының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары ИҚҰО басшысының орынбасары болып табылады, – делінген ережеде.

ИҚҰО міндеттері:

  • Инвестициялар тарту кеңесі хатшылығының қызметін ұйымдастыру;
  • бәсекеге қабілетті инвестициялық ахуалды құру үшін реттеушілік саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
  • Үкімет басшылығының тапсырмасы бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және олардың іске асырылуын мониторингтеу кезінде салааралық үйлестіру;
  • инвесторларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарын ИҚҰО жұмысының нәтижелері туралы тоқсанына бір реттен сиретпей хабардар етіп тұрады.