Ресей қоныс аудару бағдарламасына енетін отандастарының санын шектейді

Сырым Қаржас

Ресей депутаттарының пікірінше, "Ресейдің тарихи аумағында тұратын" адамдар мен олардың ұрпақтарын ғана отандастар деп санау керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РИА Новости

Ресей мемлекеттік думасының депутаттары отандастар деп танылған және тиісті қоныс аудару бағдарламасына қатыса алатын адамдар тобын шектейтін заң жобасын әзірледі. 

Толығырақ

Жобаға түсіндірме жазбада қазір "бағдарламаға қатысуға өтініштердің басым көпшілігі Тәжікстан, Қазақстан және Армения елінен келетіні, олар, әдетте, РФ аумағында тарихи тұрғында тұратын халықтардың өкілі саналмайтыны, бірақ КСРО құрамында болған мемлекеттердің азаматтары саналатыны” жазылған.

Авторлар отандастары ретінде Ресейден тыс аумақта тұратын, бірақ “РФ аумағында тарихи тұрғыда тұрған халықтардың” ұрпағын танығысы келеді.