8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 14 қарашада кей уақытта көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында ертең көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетауда 14 қараша күні жолдарда көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының басым бөлігінде түнде, облыстың солтүстік-шығысында күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбеде 14 қарашада бұрқасын, көктайғақ болады. 14 қарашада күндіз Қызылорда облысының орталығында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, облыстың оңтүстігінде тұман түседі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қарағандыда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Жезқазғанда 14 қарашада көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі.

14 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 23 м/с. Шымкентте күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістанда 14 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. 14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с болады.

14 қарашада Петропавлда, Қостанай облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғады. Онтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с. 14 қараша түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.