Маңғыстауда жасөспірім қызды зорлаған адам 22 жылға сотталды

Ғалиасқар Думан

Маңғыстау облысында жасөспірім қызды бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген тұрғынға 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Depositphotos

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының 2023 жылы тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірім қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлағаны, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталған.

«Сот сотталушыны кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп жазылған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.