ЕУРО-2024: Португалия мен Франция арасындағы ойын пенальтилер сериясымен аяқталды

Сырым Қаржас

Франция құрамасы ойын уақытында гол соғылмай, тең түскен Португалияны пенальтилер сериясында жеңіп, Еуро-2024 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Ulys Sport.

UEFA

Матчтағы алғашқы қауіпті соққыны жасаған Бруно Фернандестің тепкен добы, қарсыласқа тиіп қақпаға бағыт алғанымен қақпа бағанасынан кері қайтты. Ал Тео Эрнандес айып алаңы сыртынан күшті соққысымен жауап қайтарып, португалдық қақпашы Диого Костоны ойынға араласуға мәжбүр етті.

Екінші таймның негізгі сәттері

Екінші таймда 60-минутта Джоао Канселодан пас алған Бруно Фернандестің жерлетіп тепкен добын Майк Мэйньян құлап бара жатып, алыс бұрыштан қайтарды.

Қосымша уақыт пен пенальти сериясы

Ойын қайта жалғасып, Рандаль Коло-Муани португал қақпасына қауіпті соққы бағыттағанымен, соңғы сәтте Рубен Диас соққыны қайтарып үлгерді. Қосымша уақытта Криштиану Роналду допты қақпа маңдайшасынан асырып, гол соғу мүмкіндігін мүлт жіберіп алды.

Матч тағдыры пенальтилер сериясында шешілді, онда Жоао Феликс қақпа бағанасын бағыттап, гол соға алмады. Француздар енді Мюнхенде жартылай финалда Испаниямен кездеседі.