Түркістан облысында балабақшадан шыққан өрт сөндірілді

Сырым Қаржас

Төтенше жағдайлар қызметкерлері Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ, видео кадры

Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ТЖМ күштерімен 270 шаршы метрді шарпыған өрт дер кезінде оқшауланған. 

“Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр. Отты өрт сөндірушілер толығымен сөндірді”, делінген министрліктің ресми хабарламасында.