Қосшы қаласында нөсер жауын кезінде электр қуаты өшіріліп, бірнеше тұрғын үй кешенінің цокольдық қабаттары су астында қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желілерде Қосшы қаласындағы кейбір тұрғын үй кешендерінің су басқан жертөлелерінің видеолары пайда бола бастады. Нәтижесінде цокольдық қабаттар мен жертөле бөлмелерінде іс жүргізіп жүрген кәсіпкерлер зардап шеккен.
Қалада нөсер жауынның салдарынан электр қуаты өшіп, нәтижесінде тұрғын үй кешенінің кәріз-сорғы станциясы істен шыққан, электр желілеріндегі апаттарды жою уақытында резервтік дизельді станция қосылған.
Қалада «Алтын орда» ТҮК, «Лесная поляна» ТҮК және «Академия» ТҮК жертөлелері зардап шеккен.
Қала тұрғындары орталық канализациялық жүйе істеп шыққан соң генераторды әкеліп қойғанымен, оны қоса алмағанын, электрик жоқ екенін айтып шағымданып, жауапты орган өкілдерінің халықтың ортасына шықпағанына наразы.