Ақтауда белгісіз біреулер мысықтарды жеті қабатты үйден лақтырып жіберген

Ғалиасқар Думан

Полиция Ақтауда 11-шағын ауданда орналасқан жеті қабатты үйден мысықтарды лақтырып жіберген адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: lada.kz

«Лада» басылымының хабарлауынша, көп қабатты үй тұрғындары бір мысық жапсарлас құрылыстың төбесінде қалғанын, ал екіншісі бетон тақтайшаның үстіне түскенін айтқан. Тұрғындар оларды белгісіз біреулер жоғарғы қабаттардан лақтырып жіберген болуы мүмкін деп болжайды.

Полицейлер оқиға болған тұрғын үйдегі пәтерлерді аралап шыққан. Маңғыстау облысы полиция департаменті жануарларға қатыгездік көрсету қарау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

«Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда», - деді департамент өкілдері.​​