Биыл Ресейден тағы бір мыңдай долларлы миллионер кетеді деп болжанып отыр. Осылайша Ресей миллионерлер ағыны бойынша әлемде бесінші орынға жайғасады. Алғашқы төрттікте Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Былтыр Ресейден үш мың, 2022 жылы - 15 мың долларлы миллионер кеткен. Биылғы танымал бағыт БАӘ болса, былтыр көбі Аустралияға көшкен. Сингапур, АҚШ, Канадаға кетушілер де айтарлықтай көп.
Былтыр Ресей аталған рейтингте төртінші орында болды. Ең танымал бағыттар БАӘ, Аустралия, Сингапур болған.