Қарағанды тұрғыны қаладағы мейрамханалардың бірінде заңсыз покер орталығын ұйымдастырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері тұрғынның қала мейрамханаларының бірінен ғимаратты жалға алып, ол жерде “покер” ұйымдастырғанын анықтады. Ол ойын үстелдерін орнатып, фишка мен карта сатып алған.
Заңсыз ойын бизнесінен күдікті 32 млн теңге пайда тапқан.
Оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.