Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айжан Серікбайқызы Есмағамбетова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ол 1975 жылы дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д.Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған.
2016-2023 жылдар аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында басқарушы кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Аталған министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.