Шотландияның солтүстік жағалауына шығып кеткен 77 киттің 65-і өліп қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл жағдай соңғы уақытта болған жаппай қырылудың ең ірі оқиғаларының бірі ретінде тіркелді.
Ұлыбритания теңіз құтқару қызметі Divers Marine Life Rescue сол күні апат туралы хабарлама ала салысымен Оркни архипелагындағы Сэнди аралының жағажайына фельдшерлер тобын жіберген.
“Дәрігерлер келген бойда жағажайдың биіктеу жерінен 77-ге жуық кит тапты. Олар бірнеше сағат бойы жатып қалған көрінеді. Өкінішке қарай, олардың тек 12-сі ғана тірі қалған”, - делінген қайырымдылық ұйымының мәлімдемесінде.
Зерттеулер көрсеткендей, киттер әртүрлі себептермен жағаға шығуы мүмкін. Мәселен бағыттан жаңылысу немесе биік толқындардан шыға алмай қалу сынды жағдайлар жиі кездеседі. Дегенмен ғалымдар бұл құбылыстың тарихта тіркелген жалғыз нақты себебі жоқ екенін айтты.
Әсіресе, киттердің бір-бірімен тығыз әлеуметтік байланыстары бар. Ал олардың бірі қиындыққа тап болса, басқалары да соңынан еріп, оның арты жаппай қырылуға соғып жатады екен.
Бір жыл бұрын киттердің қатысуымен осыған ұқсас оқиға құрлықтың батыс жағындағы орналасқан Льюис аралында болған екен, ол кезде кем дегенде 55 кит өлген.