Астанада дәмхана асханасынан өрт шықты

Сырым Қаржас
ТЖМ

Астана қаласы, Байқоңыр ауданы аумағындағы шағын дәмханалардың бірінің ас дайындайтын бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 5 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай министрлігі кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.