Әйтенов бұрынғы әйелінің үстінен полицияға арыз жазды

Сырым Қаржас

Астана полициясына Марат Әйтеновтен оның бұрынғы жұбайы Дана Атешоваға қатысты арыз түсті. Онда Атешованың арыз берушінің денесін жарақаттағаны айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

"Көрсетілген фактілерді тексеру үшін қылмыстық іс қозғалды. Осы іс шеңберінде жарақаттардың бар-жоғын және дәрежесін анықтау үшін қажетті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ барлық жағдайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты іс қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, Марат Әйтенов үйде отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайы Дана Әтешоваға дөрекі сөздер айтып, "оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған". Нәтижесінде Шымкенттің экс-әкімінің ағасына бес тәулік қамау жазасы тағайындалды.