Қазақстандық дәрігерлер салмағы 6 кг болатын ісікті алып тастады

Қалижан Бектемір

Жамбыл облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығының дәрігерлері салмағы 6 килограмм болатын қатерлі ісікті алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

24KZ телеарнасының хабарлауынша, күрделі ота 5 сағатқа созылған. Ұзындығы 35 см болған ісік бауырдың 90%-на тарап кеткен.

Меркі ауданының 62 жастағы тұрғыны ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен. Бұған дейін пациент ішінің көлемі ұлғайғанын, жүрісі ауырлағанын, тыныс алуы қиындағанын сезген. Ал ауруханаға ЖРВИ-ге қарсы екпе алу үшін барған. Вакцина салу бөлімінде оны шұғыл тексеріске жіберген. 

Кейінірек ісікті арнайы заманауи құрылғының көмегімен алып тастаған. Дәрігерлер қазір әйелдің жағдайы тұрақты екенін айтады. 

“Уақытында көмек көрсеттік. Шынымды айтсам, емделушінің жолы болды. Қазір метастаз жоқ. Химия алмайды. Тек таргетті терапия алып жатыр. Бұл ем аурудың алдын алу үшін жасалып жатыр”, – деді аурухананың бөлім басшысы Ерасыл Арапов.