"Министр Алло". Сапаров виртуалды байланысты қош көрді

Ілияс Бақыт

Үкіметтің кезекті отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы басшылығы брифингке шығуы тиіс еді, бірақ министрдің өзі Айдарбек Сапаров онлайн баяндама жасауды жөн көрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ulysmedia

ЖУРНАЛИСТЕР КІМДІ КҮТТІ?

Үкімет отырысына шақырту анонста былай делінген:

   -Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында Денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы министрліктері басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді ,-деп атап өтті баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова отырысқа келді. Соңыра брифингте журналистердің сұрақтарына жауап беруге уәде берді. Ал Сапаров жиналысқа да онлайн қатысты.

МИНИСТРМЕН БОЛҒАН ЖАҒДАЙ

Бір ай бұрын мәжіліс қабырғасында журналистер министр Сапаровтан әлі күнге дейін ақбөкендер келтірген залал туралы деректер жоқ, Қазақстан шегірткеден келген залалды қалай есептеуді жоспарлап отырғаны туралы сұрады.

    - Ақбөкендер мен шегірткелерді салыстырмайық. Бұл басқаша. Шегірткеден әлі шығын жоқ. Егер шығын болса, Алло, бола ма? - деп қалды Сапаров.

Журналистер министрдің сөзінен шап берді, өзін дұрыс ұстамайтынын атап өтті.

   "Алло" дегеніңіз не", - деді баспасөз өкілдері.

Сапаров ақталып бақты.

  - Жоқ-жоқ. Мен сізге емес, өз адамдарыма айтамын", - деді Сапаров.

Оған қол астындағы қызметкерлермен де бұлай диалог жүргізу орынсыз екенін атап өтті журналистер.

Сапаров кешірім сұрады, бірақ ол енді журналистермен бетпе бет кездесуден қашқақтайтын секілді.