Павлодар облысында 12 жастағы қыз босанды. Ол тамыз айында 13-ке толады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқушы қыз Павлодар облыстық перинаталдық орталығында босанған. Оқиға бойынша тергеу тағайындалғаны хабарланады.
«Мұндай факт болды. Мектеп анықтады. Тергеу әлі аяқталған жоқ. Мектеп директоры жұмыстан босатылды, ал бөлім басшысы қатаң сөгіс алды», - деп хабарлады Павлодар облысының білім басқармасы.
Қыз баланың тамыз айында 13 жасқа толатыны белгілі болды. Ол Шербақты ауданындағы мектептердің бірінде оқиды.