"ҚазМұнайГазға" 500 миллион теңге айыппұл салынды

Ulysmedia

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "ҚазМұнайГаз" компаниясының 2023 жылғы монополияға қарсы заңнаманы сақтауын тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Тексеру нәтижесінде ҚМГ-ның іс-әрекетінде мұнай өнімдерін сатуды шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталды.

"Осылайша, ұлттық компания 2023 жылдың қаңтар айынан сәуір айына дейін мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді. Ал кейбір жағдайларда өтініш жасалған сәтте мұнай өнімдерін сату мүмкіндігі болған кезде жекелеген сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту арқылы кемсітушілік жағдайлар жасады", - делінген хабарламада.

Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті ҚМГ-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабының 3-1 бөлігі бойынша (монополиялық қызмет) әкімшілік іс қозғады.

27 маусымда астананың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ұлттық компанияға 539,4 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Айыппұл төленгені хабарланады.

Бұған дейін ҚМГ-ның шетелде Қазақстанға қарағанда көп салық төлегені белгілі болғанын хабарлаған едік.