Кімге таңертең ашқарынға алма жеуге болмайды

Ulysmedia

Диетолог дәрігер Ольга Кораблева асқазан-ішек аурулары бар адамдарға алма жеуге болмайтынын айтады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден
Ол денсаулыққа зиян келмес үшін тамақтанғанда абайлау керектігін нұсқайды.
«Ашқарынға жеген алма басқа да қышқыл өнімдер секілді ішті кептіріп, шырышты қабатты тітіркендіреді және іштегі сырқаттарды қоздырады», – дейді дәрігер.
Маманның сөзіне қарағанда, оны пісірілген күйде тұтынуға болады. Себебі термоөңдеу барысында алманың құрамындағы қышқылдар азайып, «пектин» деп аталатын зат ішек жұмысына жақсы әсер етпек.