Ресми: Камала Харрис АҚШ президенті сайлауына түседі

Ғалиасқар Думан

АҚШ вице-президенті Камала Харрис елдің президенттік сайлауына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Камала Харрис сайлау алды науқанының алғашқы бейнеролигін жариялады.

"Кейбір адамдар біз хаостың, қорқыныш пен жек көрудің елі болуымыз керек деп санайды. Бірақ біз бостандықты таңдаймыз", - дейді ол бейнероликте.

Бейне Бейонсенің Freedom әнімен сүйемелденеді. CNN мәліметі бойынша, Харрис командасы әншіден оның әнін сайлау алды науқанының әнұраны ретінде пайдалануға рұқсат сұрағанда, мұндай мәселелерге әдетте қатаң қарайтын Бейонсе бірден келісім берген.

БАЙДЕННІҢ ЖАРЫСТАН ШЫҒУЫ

21 шілдеде қазіргі АҚШ президенті Джо Байден президенттік жарыстан шығатынын жариялап, өзінің вице-президентін Демократиялық партиядан кандидат ретінде қолдайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде Харрис Дональд Трампты жеңу үшін "қолынан келгеннің бәрін жасайтынын" айтып, Демократиялық партиядан президенттікке кандидат ұсыну үшін дауыс беретін делегаттардың жеткілікті санының қолдауына ие болды.

Байден шеттетілгеннен кейінгі алғашқы жалпыұлттық сауалнамада Харрис Трамптан екі пайыз озған.

Демократтардан президенттікке кандидат 7 тамызға дейін таңдалады.

Ulysmedia.kz Харристің немен танымал екені және әлемдегі бірінші экономиканы басқаруға қаншалықты мүмкіндігі бар екені туралы айтқан болатын.​​​​​​​​​ Сонымен қатар жаңа президенттің Қазақстанға қалай әсер ететінін де жазған едік.