Академиктер Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбекті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Ғылым академиясын (ҰҒА) трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындауды кешіктірді деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстанның Ғылыми-академиялық саласын трансформациялау процесі әлі аяқталған жоқ. Өйткені Президент Қ. К. Тоқаевтың Ғылым Академиясына мемлекеттік мәртебе беру туралы тапсырмасы бастапқыда қоғамдық бірлестіктен жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға трансформация жүргізіп қана қоймай, мүлде жою үшін түрлі іс-әрекеттерге айналды,- делінген ҰҒА мәлімдемесінде.
ҚазТАГ-тың мәліметіне қарағанда, академиктер Ғылым және жоғары білім министрлігіның екі жылда Президент тапсырмасын орындай алмағанын айтқан.
Мәлімдемеде академия құрамында қазір 146 академик және 74 корреспондент мүше бар екендігі атап өтілді.
Бір күн бұрын министр Саясат Нұрбек Президенттің шешімімен жаңа ғылым академиясы құрылғанын мәлімдеді. Қазір оның тоғыз академигі бар, ал бұрынғы мәртебесі жойылған. Оның ішінде бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атағы алынып тасталғаны айтылған.