Қазақстандықтар Олимпиаданың ашылу салтанатын сынға алды

Әлихан Асқақ

Әлеуметтік желі қолданушылары кеше өткен Париж Олимпиадасының ашылу салтанатын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Европаны үлгі тұтамыз, “бостандық” пен “демократия” дейміз, алайда бүгінгі Париждағы ашылу салтанаты сәл өрескелдеу болған сияқты. Өз ойым – деп жазды ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Самат Нұртаза.

Ал белгілі журналист Серғали Балажан ашылу салтанатын гейпарадқа теңеді.

Олимпиаданың ашылуы емес, гейпарад сияқты б»рбәле ғой мынау – дейді ол.

Сонымен қатар, ашылу салатанатының Француздар өмірін боямасыз көрсеткенін айтып жатқандар да бар.

Paris Олимпиадасының ашылу салтанатын тапжылмай 5 сағат көріп шықтым. Француздар бізге өмірдің қарапайым сәттерден тұратынын көрсетті. Жарқ-жұрқ еткен сәттердің түкке де қажеті жоқ екенін дәлелдеді. Француздарға басымды идім! Керемет! Сөзім жоқ! – дейді белгілі тележурналист Данияр Есен.

Бұл пікірді жазушы-журналист Өміржан Әбдіхалық та қостайды.

Париж олимпиадасының ашылуы адам құқықтары мен бостандықтары, теңдікті толықтай паш етті. Француз демократиясын көрсетті. Әрі Франция тарихы, француз мәдениетін де бедерлеп, айшықтап берді. Олимпиада алауын Эйфель мұнарасының ұшар басына жаға ма деп отыр едім, әуе шарына жақты. Бұл да француз өнертапқыштарына құрметі болды. Кешкі сәулетті Париж қандай, Сена өзені қандай! Адамзатты теңдей көріп, біріктірген Париж олимпиадасынан қазақ спортшылар көп олжа салып, жұртын қуантсын! Парижде көк ту көп желбіресін! – деп жазды ол өз парақшасында.

Ал танымал блогер-журналист Алмас Алтай режиссерлық жұмыстың нашар екенін айтады.

Ұлы Зидан алауды қолына қайта алғанша көргеніміз гейлер, сақалды қатындар мен юбкалы еркектер, жартылай немесе толық жалаңаш әртістер, семіз диджей, не еркек, не ұрғашы екені белгісіз біреулер болды... Режиссерлық жұмыс нашар: кей елдердің спортшылары камераға теріс қараған күйі өтіп кетті. Бұлардың қатарында біздің қазақстандық олимпиадашылар да болды. Асланбек камера тұрған жақты кешігіп білді, жүгіргенмен болмады - Байрақ та, Тубегі де жарқырап көріне алған жоқ... – деді ол.

Бұдан өзге де кешегі ашылу салтанатына қатысты ЛГБТ-ға, гейлерге, басқа да түрлі дәстүрлі емес таным иелеріне қатысты сын айтып жатқандар көп.