Поляк дайверлері сенсациялық олжа тауып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
24.KZ сайтының мәліметіне қарағанда, олар Балтық теңізінің Швеция жағасына жақын маңда жүзіп жүріп, 58 метр тереңдікте ХІХ ғасырға тиесілі желкенді кемеге тап болған.
Сүңгуірлер шампан және минерал судың жүзден астам қыш шөлмегінің үстінен шықты. Бұдан бөлек, кемеде шарап және фарфор болғаны анықталған.
Алдын ала болжам бойынша кеме артық салмақ немесе дауыл салдарынан суға батқан болуы мүмкін. Зерттеу жалғасып жатыр.