Қазақстанда бір айда әр адам 4,8 литр сыра ішкен

Сырым Қаржас

2024 жылғы мамыр айында былтырғы жылмен салыстырғанда ішкі нарықта алкоголь сатылымы азайған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: depositphotos/Nomadsoul1

Төмендеу көрсеткіші сидр (+68%) және көпіршікті шараптарға (+38,4%) қатысты. 2024 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 2023 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда арақ сатылымы 5,4%-ға төмендеді, алайда мамыр айында сәуір айына қарағанда 3,7%-ға өсім байқалды.

Статистика бойынша, мамыр айында әрбір кәмелетке толған қазақстандық орта есеппен:

4,8 литр сыра
0,47 литр арақ
0,26 литр шарап
0,09 литр коньяк
0,025 литр сидр ішкен.

Басқа алкогольді сусындар аз тұтынылған. Бүкіл ел бойынша:

көпіршікті шарап 167,8 мың литр
шампан 14,3 мың литр
вермут және хош иісті шараптар 33,2 мың литр тұтынылған​​.