Тараз әкімдігі қаржы бөлімінің лауазымды тұлғаларының бірқатар заң бұзушылықтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Тараз әкімдігінің қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауар-материалдық құндылықтардың есебі жоқтығын пайдаланып, ресми құжаттарды бұрмалау арқылы мекеменің балансында тұрған коммерциялық жылжымайтын мүлік пен сот үкімдері бойынша тәркіленген халық тұтынатын тауарлар түріндегі мүлікті заңсыз шығарып, иеліктен шығарған.
"Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен келген залал сомасы 100 млн теңгеден асады", – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралар, тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.