Қалайша осындай шыдамды болуға болады – Сметов жайлы Халықаралық дзюдо федерациясы жазды

Сырым Қаржас

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бір спортшыға қалайша осындай шыдамды болуға болады? Жылдан жылға осындай жоғары деңгейде өнер көрсетіп, осы көрсеткіштерді қалай сақтауға болады?” деп сұрақ қойылады Сметовке.

– Әр жарыстан кейін мен спорт жайлы мүлде ойламай, бар уақытымды отбасыммен өткіземін. Ауыр жарақаттардан сақ болуға тырысамын. Толық қалпыма келгенше ешқашан жарысқа оралмаймын. Көп демалу керек, әсіресе мансап ұзақ болған кезде дұрыстап тыныққан абзал, – дейді спортшы.

Еске сала кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Елдос Сметов финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізген болатын. Сметов 2016 жылы күміс медаль, 2020 жылы қола жүлде еншілеген.