Қазақстан халықаралық деңгейде 20 іс бойынша соттасып жатыр

Ғалиасқар Думан

Әділет министрлігі мемлекет мүддесін қорғау бойынша 20 іс жүргізіп жатыр. Оның ішінде 13-і халықаралық төрелікте, 4-і шетелдік соттарда және 3-і сотқа дейінгі талқылауларда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Премьер-Министрінің сайтында хабарланғандай, сондай-ақ, министрлік азаматтық істер бойынша құқықтық көмек туралы 11 мемлекетаралық келісім (Сауд Арабиясы, Бразилия, Аргентина, Марокко, Корея, Сингапур, Малайзия, Украина, Хорватия, Оңтүстік Африка және Конго), екі Гаага конвенциясын (сот таңдау туралы келісімдер және өсиетнамалық өкімдердің нысанына қатысты заңдар қақтығысы туралы), үш хаттама (Түркиямен, Минск конвенциясы, Кишинев конвенциясы), сонымен қатар тоғыз ведомствоаралық халықаралық келісім (Жапония, Катар, Марокко, Сауд Арабиясы, БАӘ, РФ, Финляндия, Польша және Түркия әділет министрліктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар) жасасу бойынша жұмыс істеп жатыр.

Жақында қазақстандық тарап көп жылдық сот дауларынан кейін Статилармен бітімгершілік келісімге қол қойды.​​